
Саран қаласының, Ақтас кентінің кәсіпорындары мен ұйымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз-2025» байқауна қатысуға шақырамыз.
Байқау кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Байқауға қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылы 1 шілдеге дейін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізіледі. Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу тегін. Оның қорытындысы жыл соңында шығарылады.
Байқауға бес номинация бойынша өтінім беруге болады:
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
- «Үздік ұжымдық шарт»;
- «Экологияға қосқан үлесі үшін»;
- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».
«Парыз-2025» байқауна қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, анықтама телефоны 76770.