Қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу туралы

Қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу туралы

2020 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы заңды күшіне енді.
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің» (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 2-тармағының, 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді қамтитын ақпаратты, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
Осылайша, еңбек шарттарын жүйеге енгізу бойынша жұмыс тұрақты сипатта болуы тиіс, жыл ішінде барлық өзгерістер Еnbek.kz. порталындағы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақтылы енгізілуі тиіс.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласуыңызға болады: Жеңіс көшесі, 45, № 3 кабинет, байланыс телефоны 8-72137-7-67-70.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran)