
2025 жылғы 7 сәуірде несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі 90 және одан да көп күн болған адамдар үшін «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша қаржылық сауаттылық тыңдаушыларының екінші легі тегін оқыту басталады.
Курсты тыңдағысы келетіндерді 7 сәуір күні сағат 10.00-ден бастап Саран қаласының Мәдениет үйінде күтеміз. Оқыту барысында жоба заңгерлері тегін заң көмегін көрсетеді.
Оқуға 7-68-04, 7-90-77, 7-42-56, 87022668913 телефондары арқылы немесе Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй мекенжайы бойынша жазылуға болады.