«Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша оқыту

«Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша оқыту

Саран қаласы мен Ақтас кентінде «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша 90+ күнге мерзімі өткен несиесі бар азаматтарды қаржылық сауаттылыққа оқыту басталды. Оқыту 2025 жылдың 31 наурызынан бастап өтеді.

Жобаның заңгерлері 90+ күн бойы мерзімі өткен төлемдері бар азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетеді, оның ішінде:

1. Жағдайды құқықтық талдау – құжаттармен танысу және одан әрі әрекет ету бойынша ұсыныстар.

2. Берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу – кейінге қалдыру, төлемдердің жаңа кестесі, қайта қаржыландыру, егер несие беруші өтініштерге жауап бермесе немесе қарсы шықса, уәкілетті органдарға шағым беру.

3. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану – жеке тұлғаның банкроттығы туралы өтініш беру және одан әрі алып жүру.

4. Сотқа дейінгі тәртіппен тыс нотариустың атқарушылық жазбасының күшін жою.

5. Шоттарға қойылған бұғаттарды алып тастау және бұғатты шешу, банктермен, МҚҰ- мен және коллекторлық агенттіктермен дауларды реттеу.

6. Басқа заңгерлік қызметтер – талап арыз дайындау және оны сот кабинеті арқылы беру, өтініштерді дайындау (жеке).

«Қарызсыз Қоғам» жобасы аясында барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша +7 (72137) 7-68-04, +7 (72137) 7-90-77, +7 (72137) 7-42-56, +7 (702) 266-89-13 телефондары немесе мекен-жайы: Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй бойынша хабарласуға болады.