2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарлануда.

2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарлануда.

Жобаның мақсаты: Саран қаласы мен Ақтас кентінің аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмысы үшін инфрақұрылым құру.

Жобаға қатысушылар:

- 63 жастан асқан қарт азаматтар;

Жобаны іске асыру: мәдени-демалыс және сауықтыру іс-шараларын өткізу, компьютерлік сауаттылыққа оқыту және қарт адамдарға психологиялық және құқықтық қызметтер көрсету.

Жобаны іске асыру мерзімі: бір жыл ішінде.