
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне материалдық көмек төленді:
1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 3 адамға отыз мың теңгеден;
2) екінші рет неке құрмаған Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне – 5 адамға отыз мың теңгеден;
3) концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына-1 адамға, жүз мың теңгеден;
4) 1986 1987 және 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға – 11 адамға екі жүз мың теңгеден;
6) бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына-14 адамға, он мың теңгеден;
7) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 236 адам отыз мың теңгеден берілді.