ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ

Құрметті жұмыс берушілер

 Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында еңбек қақтығыстары мен әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін Сізден еңбек заңнамасының талаптарын сақтауды және жаңадан қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 10-бабына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбекпен тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттеледі.

Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 86-бабына сәйкес:Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі - лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыны, міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеу.

Жұмыспен қамту бөлімі электрондық еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізуді ұсынады.