Құрметті жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыс берушілер!

2020 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндетттері» 23-бабы 2-тармағы 27 тармақшасына сәйкес жұмыс беруші: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне Enbek.kz порталына енгізуге міндетті.

2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығы  қолданысқа енгізілді.

Еңбек шарттарын тіркеу нұсқаулығы көрсетілген видео Enbek.kz порталында орналастырылған.

Туындаған сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының мамандарына жүгіне аласыздар. Мекенжайы: Саран қаласы, Жеңіс көш., 45 үй, № 3 каб. Байланыс телефоны 8 (72137) 76770