
🗓️ 2026 жылғы 29 шілдеде «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті.
📌 Іс-шара барысында Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мамандардан кеңес алды, оларды алу тәртібімен, қажетті құжаттар тізбесімен және қызмет көрсету мерзімдерімен танысты, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
🔋 Ашық есік күнін өткізу азаматтардың ақпараттануын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік мекеме мен халық арасындағы ашық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.