Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің аз қамтылған тұрғындарымен кездесу

Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің аз қамтылған тұрғындарымен кездесу

2026 жылғы 16 шілдеде «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де Саран қаласы мен Ақтас  поселкесінің аз қамтылған тұрғындарымен кездесу өткізілді 🇰🇿🏢
Талқыланған тақырып Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік көмек (АӘК) ұсыну болды 🌍
Іс-шара барысында АӘК тағайындау шарттары, қажеттілік критерииі, отбасының жан басына шаққандағы табысы, сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі түсіндірілді. Ерекше назар 2026 жылдан бастап күшіне енген заңнамаға енгізілген өзгерістерге және көмекті қайта рәсімдеуге бөлінді 📝
Қатысушылардың әрқайсысы өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға және жеке жағдайларын ескере отырып, жеке консультация алуға мүмкіндік алды 🔋
Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді ✅