Әлеуметтік төлемдер

Әлеуметтік төлемдер

26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күніне әлеуметтік төлем

берілді:

- Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан адамдарға және апат салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 200 мың теңгеден

Әлеуметтік көмекті 2 млн теңге сомада барлығы 10 адам алды

7 мамыр - Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күніне әлеуметтік төлем

берілді:

- 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 200 мың теңгеден

- 1986-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне 200 мың теңгеден

Әлеуметтік көмекті 4 млн теңге сомада барлығы 20 адам алды

 9 мамыр - Жеңіс күніне әлеуметтік төлем

берілді:

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 мың теңгеден

- 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға 100 мың теңгеден

- Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның зайыбына (жұбайына) 50 мың теңгеден

- бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50 мың теңгеден

Әлеуметтік көмекті 14 млн 250 мың теңге сомада барлығы 149 адам алды