«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурсты 2026 жылы өткізу туралы хабарландыру

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурсты 2026 жылы өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнес әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес 2026 жылы бизнес әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарланады.

Төрт номинация бойынша марапаттар беріледі:

- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі үшін (еңбекақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т. б.);

- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі үшін;

- «Үздік ұжымдық шарт» - онда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсарту және нығайту көзделген.

- «Экологияға қосқан үлесі үшін» - қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген үміткерлердің қызметі үшін.

Сонымен қатар, марапатталады: жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін, бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар үшін «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы;

Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл ішінде конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады.

Сайысқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасатын болады. Қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz («Парыз» номинациясы) порталы арқылы қабылданады.

Сайысқа қатысуға қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметітк бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Жеңі көшесі 45 (№3 кабинет) жүгіну қажет, анықтама телефоны 76770.