Атаулы әлеуметтік көмекті «шартсыз ақшалай көмек» түрінде алуға кімнің құқығы бар?

Атаулы әлеуметтік көмекті «шартсыз ақшалай көмек» түрінде алуға кімнің құқығы бар?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 121-бабына сәйкес шартсыз ақшалай көмек:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға: белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.