
Тұрғындар арасында тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй көмегін алу тетіктері талқыланды. Тұрғын үй көмегі - бұл Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты-мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және жалға берілетін тұрғын үй шығындарының бір бөлігін өтеу.