
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі әлеуметтік қызметкерлеріне «Қоғамдық төзімділік – бейбітшілік кепілі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Кітапханашы Қазақстанда әртүрлі этникалық, мәдени және діни топтарға құрметпен қарауға негізделген қоғамды қалыптастыру жолдары туралы айтты. Бұл процестегі маңызды кезеңдердің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар төзімділіктің бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын, сондай-ақ Қазақстанның Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы этникалық және мәдени топтардың үйлесімді өмір сүру үлгісін қалай қалыптастырғанын білді.
Кітапханашы көпұлтты және көпконфессиялық қоғам жағдайында мәдени алуантүрлілік пен бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын насихаттауды жалғастыру ерекше маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол қатысушыларға тақырыпты тереңірек түсінуге көмектесетін кітаптармен танысуды ұсынжы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram