
Қарағандыда Республикалық протездік-ортопедиялық орталық пен бионикалық протездер өндірісіндегі әлемдік көшбасшы — ресейлік «Моторика» компаниясының Ашық есік күні өтті. Іс-шараға протездеуге мұқтаж адамдар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен мамандары жиналды. Кездесудің басты мақсаты-қолды протездеудің жаңа түрлері туралы әңгімелеу, заманауи технологияларды көрсету және пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беру.