
Жұмысшы кәсіптеріне құрмет көрсету және ерте жастап еңбекке араласудың маңыздылығын ескеру мақсатында Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні тойланады. Осы жылы мереке 28-қыркүйекке келіп тұр.
Еңбек күнін мерекелеу аясында Саран қаласының МҮ-де іс-шара өткізілді, онда «Qaz Tehna» ЖШС механикалық құрастыру жұмыстарының слесары - «Еңбек жолы-2025» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша 2-ші орынды иеленген Пегрусь Руслан Владимирович 200 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды.
Сондай-ақ, «Еңбек жолы-2025" байқауына «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша қатысқан Мамаков Владислав Александрович («Silk Road Electronics» ЖШС), Кумекова Алтын Саябековна («Silk Road Electronics» ЖШС), Егинбаев Темирлан Толегенович («QazTehna» ЖШС), «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Жунусбеков Куттыбай Айдарович («QazTehna» ЖШС) Саран қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram