«Еңбек жолы» республикалық байқауы

«Еңбек жолы» республикалық байқауы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізеді.
Ағымдағы жылы осы байқауға қатысу үшін Саран қаласы кәсіпорындарының 5 қызметкері өтінім берді. Қалалық байқаудың комиссия отырысының шешімі бойынша байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін үздік 4 қатысушылардың материалдары жіберілді.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Жунусбеков Куттыбай Айдарович – «QazTehna» ЖШС 4-разрядты механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі.
«Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы:
– Мамаков Владислав Александрович – «Silk Road Electronics» ЖШС электр су жылытқыштарын өндіру шебері;
– Егинбаев Темирлан Толегенович – «QazTehna» ЖШС шағын торапты құрастыру цехының шебері;
– Пегрусь Руслан Владимирович – «QazTehna» ЖШС механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі.
«Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінде қаламыздың кәсіпорындар қызметкерлеріне сәттілік пен жеңіс тілейміз.