Тұрғын үй көмегін алуға арналған құжаттар тізімі қандай? Оң шешім қабылданған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу қалай жүзеге асырылады?

Тұрғын үй көмегін алуға арналған құжаттар тізімі қандай?  Оң шешім қабылданған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу қалай жүзеге асырылады?

- Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Саран қаласында және Ақтас кентінде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі жеке тұрғын үй қорында, төлеуге: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар; - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну;

мемлекеттіктұрғынүйқорынан тұрғын үйді жәнежекетұрғынүйқорынанжергіліктіатқарушыорган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаныүшіншығыстар.

- Саран қаласында осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленген.

- Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:

- мәлімдеме;

- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

- отбасының табысын растайтын құжаттар;

- жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама

- балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтер;

- банктік шот;

- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

- коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

- жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына:

- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

- отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

- жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;

- балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

- банктік шоттың электрондық көшірмесі;

- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

- коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың электрондық көшірмесі;

- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

- жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

- Құжаттардықараужәнетұрғынүйкөмегін көрсету туралышешімқабылдау мерзімі не бас тарту туралыдәлелдіжауап6жұмыскүнінқұрайды.

- Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.