Әрекетке қабілетсіз деп танылған әжеге қамқоршылықты рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет және нәтижені қанша уақыт күту керек?

Әрекетке қабілетсіз деп танылған әжеге қамқоршылықты рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет және нәтижені қанша уақыт күту керек?

- Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті: 1)Мемлекеттік корпорация (ХҚКО);

2) көрсетілетін қызметті беруші (жұмыспен қамту бөлімі);

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz.

 - Мемлекеттік қызмет көрсету үшін келесі құжаттар ұсынылады:

 1) нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен жеке басын куәландыратын құжат не электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) азаматты әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі;

4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік;

5) 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (қамқоршылық белгіленген кезде);

6) нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалар;

7)18жастанасқанотбасымүшелерініңәлеуеттіқамқоршысыменбіргетұратынбарлық адамдарға қамқоршылықбелгілеугежазбашакелісім(егер қамқоршы қамқоршыменбіргетұрадыдепболжанса)(еркіннысанда).

-Өтінішқабылданғаннанкейінжәнеқұжаттардытексеруқорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10(он)жұмыскүніішіндетұрғын үйге тексеружүргізеді,оныңнәтижелері бойынша қорғаншылыққанемесеқамқоршылыққаалуғаниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстықжағдайларынтексеруактісіннысан бойынша жасайды.

- Көрсетілетін қызметті беруші актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және қажетті құжаттарды өңдегеннен кейін нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын белгілеу туралы бұйрық шығарады.