Көпбалалы отбасылар мереке күндері қандай төлемдерді ала алады?

Көпбалалы отбасылар мереке күндері қандай төлемдерді ала алады?

- Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша көп балалы отбасыларға осындай мереке күндеріне төлемдер тағайындалады:

1) Халықаралық әйелдер күніне – 8 наурыз:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 20 (жиырма) мың теңгеден бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) 20-дан (жиырма) мың теңге;

- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 40 (қырық) мың теңгеден;

2) Қазақстан Республикасының күніне – 25 қазан:

- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 40 (қырық) мың теңгеден.