
- Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына көрсетіледі.
- Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгінеді.
- Өтініш беруші атаулыәлеуметтіккөмектітағайындау үшін «электрондықүкімет» порталыарқылыжүгінеді.Өтінішқабылданғаннанкейінқалыптастырылғанқұжаттарпакетіматериалдықжағдайдытексеруүшінучаскеліккомиссияғажіберіледі.
- Учаскелік комиссия жеті жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді, қорытынды дайындайды және оны әкімге немесе Мансап орталығына береді.
- Мансап орталығы МО АЖ алынған мәліметтер, тиісті МО және (немесе) ұйымдардан қағаз түріндегі құжаттар, МО АЖ мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар немесе әкімнің құжаттар топтамасы және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні:
1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;
2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы адамның (отбасының) жиынтық табысын есептейді.
- Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде отбасының әрбір мүшесіне есептей отырып есептейді.
- Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне қоса алғанда әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
- Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асып кетуі;
2) өтініш берушінің учаскелік комиссияның материалдық жағдайға тексеру жүргізуден бас тартуы;
3)адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған мұқтаждықтың жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;
4) Кодекстің 122 – бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартуы-бас тартылған күннен бастап алты ай ішінде;
5) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) алушының кінәсінен әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінудің алдындағы алты ай ішінде;
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтерді және (немесе) дәйексіз құжаттарды ұсыну – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылады.
- Атаулы әлеуметтік көмек және балаға ай сайынғы қосымша төлем Мемлекеттік корпорация арқылы банктік шоттарға аудару жолымен төленеді.