Тұрғын үй сертификаты

Тұрғын үй сертификаты

Табысы төмен отбасылар үшін әкімдіктер тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй сертификатын береді. Сертификат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу шартымен берілуі мүмкін. Тұрғын үй сертификаты ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін беріледі. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде: 1) өтініш берушіде және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде табысы болмаған жағдайда беріледі; 2) өтініш берушіде және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінің коэффициенті мүгедектігі бар балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды. Орташа табыс бойынша соңғы 6 (алты) ай ішінде белгіленген шектен асып кеткен жағдайда отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті қаржы жылына әлеуметтік көмек және (немесе) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарының жоспарланған сомасын көздейді. Әлеуметтік көмек қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі. Әлеуметтік қолдау ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.