"Бірінші жұмыс орны" жобасы

"Бірінші жұмыс орны" жобасы

 

Жоба бірінші рет жұмыс іздеп, тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Жоба жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

Жоба аясында Жастар қажетті еңбек дағдыларын, ал жұмыс берушілер еңбекақы төлеуге субсидия ала алады. Жұмыс берушілер ретінде жобаға барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатыса алады.

Жобаға қатыса алады:

- 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыс тәжірибесі жоқ (NEET санаты, яғни ресми жұмыс істемейтін, бірақ оқымайтындар).

Жоба шеңберіндегі жұмыс орны қызметкерде кемінде 18 ай сақталуы тиіс. Жұмыс берушінің шығыстары 30 АЕК мөлшерінде субсидияланатын болады.

Бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2)еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса).

Толық ақпарат алу үшін Приозерск қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз, мекен-жайы: Балқаш қаласы, 5,тел.: 52788.