Жастар тәжірибесі жобасы

Жастар тәжірибесі жобасы

 

Жастар тәжірибесі жобасы

Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға жәрдем көрсету үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары 12 айға дейінгі мерзіммен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасы - Жастар практикасын ұйымдастырады.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жастар практикасына қатысушылар болып алдыңғы 3 жыл ішінде және 29 жастан аспаған оқу орындарын аяқтаған жұмыссыз түлектер анықталды.

Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Бұл ретте, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуі тиіс.

Айына ай сайынғы жалақы мөлшері салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат;
  2. Еңбек кітапшасы (бар болса);
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.

Толық ақпарат алу үшін Приозерск қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз, мекен-жайы: Балқаш қаласы, 5,тел.: 52788.