Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "ПАРЫЗ-2022"республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі  "ПАРЫЗ-2022"республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

"ПАРЫЗ-2022"республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, жұмыс берушілердің Ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы  2022 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлады.

Осыған байланысты, Приозерск қаласының барлық жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерін аталған байқауға қатысуға шақырамыз.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған және жыл сайын облыстық және республикалық деңгейде екі кезеңде өткізіледі.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

3) «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Сонымен қатар, Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылдың 01 шілдеге дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Приозерск қаласы, Балхашская көшесі 5 (109 кабинет, телефон 5-24-06) мекен-жайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.