Жартыжылдықта көрсетілген мемлекеттік қцызметтер

Жартыжылдықта көрсетілген мемлекеттік қцызметтер

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2021 жылға 17 мемлекеттік қызмет көрстеіледі. Сәуір айынан бастап 2021 жылдың 15 сәуір № 129/НҚ мемлекеттік Тізілімге сәйкес 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бөліммен 14 мемқызмет көрсетіледі:

1.      Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

2.      Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

3.      Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

4.      Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу

5.      Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

6.      Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

7.      Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

8.      Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

9.      Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

10.  Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

11.  Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

12.  Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

13.  Тұрғын үй көмегін тағайындау

14.  Тұрғын үй сертификаттарын беру

 

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 (сәуір айынан бастап 5) мемқызмет көрсетіледі:

1.      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

2.      Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу

(Ескерту: 2021 жылдың 15 сәуір № 129/НҚ мемлекеттік Тізілімнің өзгеруіне байланысты аталған мем.қызмет келесідей бөлінді: « Регистрация лиц, ищущих работу», «Регистрация безработных», «Выдача направлений на участие в активных мерах содействия занятости»

3.      Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру.

2021 жылдың 1 шілдесі бойынша 1056 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

  1. Қызмет көрсетушімен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенді есептемегенде) қағаз жүзінде көрсетілгендер саны – 21.

    2. Қызмет көрсетушімен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенді есептемегенде) қағаз жүзінде, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін мемлекеттік қызметтер саны – 0.

    3. Мемлекеттік корпорация арқылы – 35,

    4. «Электронды үкімет» веб-портал арқылы – 811,

  1. Проактивті – 189 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      2021 жылы 43 өтініштен себепті бас тарту болды.

 Ағымдағы жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына  шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет керсету сапасын арттыру және жемқорлыққа жол бермеу мақсатында дөңгелек үстел, семинарлар, ақпараттық түсендіру жұмыстары сияқты 5 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлімнің ресми парақшасында, Facebook, Инстаграм желілерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттар жарияланады. 

2021 жылдың қаңтар және мамыр айы аралығында «Адал көмек» бағдарламасы бойынша 7 тікелей эфир өткізілді. Жыл басынан «Приозерский вестник» газетінде 14 мақала жарияланды.

Ақпараттандыру мақсатында ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылады (184 дана таратылды).

Бөліммен және жұмыспен қамту орталығымен 1 бос орындары жәрмеңкесі өткізілді. (45 адам келді)

Мекемеде әр айдың бірінші сәрсебісінде «Ашық есік күні» өтеді