Аз қамтылған отбасыларға-атаулы әлеуметтік көмек алушыларға медициналық дәрі қобдишаларының жиынтығын тегін тарату

Аз қамтылған отбасыларға-атаулы әлеуметтік көмек алушыларға медициналық дәрі қобдишаларының жиынтығын тегін тарату
Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысында аз қамтылған отбасыларға-атаулы әлеуметтік көмек алушыларға медициналық дәрі қобдишаларының жиынтығын тегін тарату басталды.
Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометр, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.
Бұл шара қиын материалдық жағдайдағы отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы Қазақстан бойынша мұндай дәрі қобдишаларын 145 мың отбасы алады. Жоба Азия даму банкінің гранты есебінен қаржыландырылды, сатып алуды БҰҰ Даму Бағдарламасы іске асырды.
Приозерск қаласы бойынша АӘК алатын 41 аз қамтылған отбасыға дәрі қобдишасын тарату басталды.