Саран автошина өндіру зауыты жұмысқа қызметкерлер қабылдайды

Саран автошина өндіру зауыты жұмысқа қызметкерлер қабылдайды

Құрметті Приозерск қаласының және

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары!

 

Ағымдағы жылы Саран қаласында "Татнефть" ЖАҚ кәсіпорындары базасында "Kama Tyres KZ"ЖШС автомобиль шиналарын өндіру зауытының құрылысын бастау жоспарланған.

"Татнефть" ЖАҚ -  мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, ЖҚС желісі, Шина кешені, Электр энергетикасы, мұнай-газ саласына арналған жабдықтарды әзірлеу және өндіру, сондай-ақ сервистік құрылымдар блогы қарқынды дамып келе жатқан ресейлік ірі мұнай компанияларының бірі.

Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа зауытқа жұмысқа орналасуға ізденуші азаматтардың түйіндемелерін қабылдауды бастады.

Бірінші кезеңде "Татнефть" ЖАҚ кәсіпорындары базасында сұранысқа ие мамандықтарға 190 үміткерді оқыту болады.

Бұл іс-шара 2021 жылдың наурыз айынан бастап Нижнекамск қаласында (Татарстан) тегін жол жүру, тұру, тамақтану ақысын төлеу арқылы жоспарланған.

Оқу мерзімі-6 айға дейін.

Барлық ниет білдірушілерді сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Саран қаласы, Ленина, 11 қиылысында орналасқан Орталыққа жүгінуге шақырамыз.

Қосымша ақпарат келесі байланыс нөмірінен алуға болады:  8(7212)74807, 87079818278, 87759818278, 87003027175.