Мүгедек адамдарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету

Мүгедек адамдарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету

Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекет жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларын – жұмысқа орналастыруды, кәсіпкерлікте көмек көрсетуді, тиімді жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасауды көздеп отыр.

Негізгі тетік "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, оның шеңберінде мүгедектігі бар адамдар оқытылып, жұмысқа орналасады, сондай-ақ бизнесті дамытуға және кеңейтуге шағын несиелер мен гранттар алады.

2020 жылы Жұмыспен қамту орталығына 21 мүгедек адам жүгінді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандар 46.

Мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуды кеңейту мақсатында жұмысқа орналастыру квотасы көзделген. ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдіктері ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2-ден 4% - на дейін мүгедек адамдар үшін квота белгілейді.

Приозерск қаласы бойынша 2020 жылы квота бекітілген орындарға 3 адам жұмысқа орналастырылды.

Қала әкімімен 2021 жылға 4 ұйымы мен кәсіпорнында (ауруханалар, мектептер, жеке ұйымдар, коммуналдық кәсіпорындар) квоталанатын жұмыс орындары белгіленді, мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны – 10.