
Әлеуметтік қызметкерлер күнімен!
Өз өмірін қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету сияқты маңызды да игі іске арнаған мамандарды шын жүректен құттықтаймыз.
Әлеуметтік қызметкердің еңбегі зор жанашырлықты, жауапкершілікті, сабырлылықты және жоғары кәсібилікті талап етеді. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында көптеген отбасылар дер кезінде көмек алады, ал адамдар қамқорлық пен назарды сезінеді.
Қызметтеріңіз әрдайым қоғам тарапынан сұранысқа ие болып, жоғары бағалана берсін. Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас жігер, кәсіби жетістіктер және әр шаңыраққа бейбіт өмір мен бақ-береке тілейміз.
Мерекелеріңізбен, құрметті әлеуметтік қызметкерлер! Сіздердің үлестеріңіз – баға жетпес!