Жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандары күні ретінде атап өтіледі, бұл ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы тарихи шежіренің ең ауыр беттерінің бірі– жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылыққа арналған естелік күн.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 13 қазан № 9-1 шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 8-тармағының 5-тармақшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ біржолғы әлеуметтік көмек КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған 10 адамға – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде(553,8 мың теңге), ата – аналарымен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының 76балаларына – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2805,9 мың теңге) тағайындалды.Осы атаулы күнге барлығы жалпы сомасы-3359,7 мың теңге.әлеуметтік көмек көрсетілді.