Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

2026 жылғы 30 сәуірдегі № 40-1  «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда  әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Ғабит Мүсірепов атындағы  ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2026  жылғы 30  сәуірдегі № 40-1  «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов  атындағы ауданда  әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

        көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов  атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

       «7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері осы Қағидалармен белгіленеді.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті деңгейден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

    

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.»;

10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«10. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) азаматтарға (отбасыларға), дүлей апат салдарынан зардап шеккендерге (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;

2) азаматтарға (отбасыларға), өрт салдарынан зардап шеккендерге (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;

3) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға ай сайын – 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

5) "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

        6) жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін  заңды өкілдердің біріне, егер санаторлық-курорттық емдеуге жіберу үшін әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, санаторлық-курорттық емдеу ұсынатын ұйымдарда емдеуге алып жүретін  бір адамнан артық емес, жылына 1 рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру мен тамақтануға жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде, санаторлық-курорттық емдеуге төлемді растайтын құжатты, ілесіп жүруші адамға санаторлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсыну арқылы, жылына 1 рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

7)  емдеу және оңалту үшін әлеуметтік көмек:

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеу ақысын өтеуге мерзімді түрде (жылына бір рет), 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын өлшемде;

8)  қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде емдеу-профилактикалық мекемелерінің жолдамасы бойынша, жол жүру фактісін растайтын құжат (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төленгенін көрсететін банктік шоттан үзінді) және ауруханаға жатқызылу фактісін куәландыратын құжаттарды (емдеу-профилактикалық мекеменің үзіндісі немесе басқа құжаттар) ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жүріп өткен жолдың нақты құнын өтеуге мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі;

мүгедектігі бар, дәрігердің рецепті бойынша тағайындалған мамандандырылған емдік тамақтану енгізілмеген балаларға, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық қамтамасыз етудің жекелеген санаттары үшін тегін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген аурулары (жай-күйі) бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы белгілеген есеп-шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

9)       Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымдарына сәйкес, курорттық емдеу картасынан үзінді көшірме, шот-фактура ұсына отырып, курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, жылына 1 (бір) рет;

10) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген  адамдарды қоспағанда коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға  ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Осы тармақтың 3) – 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру талап етілмейді.»;

11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қолдау алатын адамдарды қоспағанда, жан басына шаққандағы орташа табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бірыңғай ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтынын ескере отырып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар, жылына бір рет;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бірыңғай ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға), біржолғы.»;

 

12-тармақ алынып тасталсын;

27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «27. Әлеуметтік көмек:

         1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

Әлеуметтік көмек алушылар (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхаты бар өкіл) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға негіздердің туындағаны туралы хабарлама жібереді.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының төрағасы

 

 

 

                               

 

 

 

         С. Баумағанбетов