Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының
2024 жылғы 14 наурыздағы № 16-4«Солтүстік
Қазақстан облысыҒабит Мүсірепов атындағы
ауданында тұрғын үй көмегінкөрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
аталған шешімнің 1-қосымшасында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;
4-1 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
8) ағымдағы жарналар бір шаршы метр үшін жүз теңгеден аспайды;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 3-тармағына сәйкес жинақтау жарналары».».
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |