Ғабит Мүсіреповатындағы ауданы мәслихатының
2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы аудандаәлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің жәнемұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандаәлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7599-15 болып тіркелген)шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандаәлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8-тармақкелесі редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік көмек мереке күндерге және атаулы күндерге жылына 1 рет, келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде