2025 жылғы 15 қазан күні Рузаевка ауылында Мәдениет үйінің акт залында «СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ бөлім басшысы Б.Қ. Әмринаның төрағалығымен «Socium Digital Platform» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушілері мен әлеуметтік қызметкерлерімен оқыту семинары өтті.
Отырыс барысында өткен 9 айдағы жұмыс қорытындысы және 2025 жылдың төртінші тоқсанындағы міндеттері қаралып, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер түсіндірілді. Семинар қорытындысы бойынша тестілеу өткізілді.