а.ж. 10 қазан күні аудандық кітапханада Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Халықаралық мүгедектігі бар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Қонақтар шай үстінде дөңгелек үстелде әңгіме-дүкен құрып, жастық шақтағы әндерді шырқап, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады.
Сондай-ақ қонақтарға жылы лебіздерін білдірген аудан әкімінің орынбасары - Б. Сапанов, «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрайымы - К.Н. Минашева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Қ.- Ысқақова, еңбек ардагері - Касленкин Ж.А. және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары - Д.М. Жаманбаев.