Арнайы комиссияның отырысы

Арнайы комиссияның отырысы

2025 жылдың 03 шілде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары  Б.А. Сапановтың төрағалығымен өмірлік қиын жағдайдың басталуына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген(отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қаралды. Комиссия ұсынылған құжаттарды талдап, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдады.

Кездесу қорытындысы бойынша:

Комиссия 55 өтінішті қарады, оның ішінде:

– 55 отбасы мұқтаж деп танылып, оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Кездесу конструктивті және іскерлік жағдайда өтті. Барлық шешімдер әр отбасының жеке жағдайларын ескере отырып қабылданды.