Консультативтік-кеңесші органның кеңесі

Консультативтік-кеңесші органның кеңесі

2025  жылдың  10  маусымында  аудан әкімдігінің үлкен залында аудан әкімінің орынбасары Б.А. Сапановтың төрағалығымен  қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің  қызметіне, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның кеңесі өтті.

              Отырыс қорытындысы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыздарды және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ босатуға жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлігінде уәкілетті жұмыспен қамту органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.