Бос әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

Бос әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

 27.05.2025 ж.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс: 8(715-35)22-449, электрондық мекенжай:  i.sysoeva@sko.gov.kz төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының орынбасары     

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-2, 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 305232 теңгеден                      350615 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмысын бақылау және үйлестіру. Аудан әкімінің аппаратымен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасымен,  мәслихатпен, атаулы   және  қайырымдылық  көмек көрсету

мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимыл жасайды. 4-деңгейлі Бағдарлама аясында   жалғызбасты және жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар         адамдарды қамтамасыз        ету    бойынша   жұмысты ұйымдастыру. Аудан әкімдігі жанында өткен жиындарға қатысу,бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерімен өзара әрекеттесу. Азаматтарды жеке мәселелер бойынша         қабылдауды жүргізеді. Жеке және  заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Үйде әлеуметтік  көмек көрсету бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Мүгедектігі бар     адамдарды          жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырады.         Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдарды өз еркімен қоныстандыру үшін елді мекендерді      айқындау   бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар         енгізеді. Жұмыссыздықтан және халықты       жұмыспен қамтудан әлеуметтік    қорғау       шараларын әзірлейді, халықты    жұмыспен  қамтуға жәрдемдесудің    белсенді шараларын ұйымдастырады. Мемлекеттік, үкіметтік және аумақтарды        дамыту бағдарламаларымен, сондай-ақ          жеке  сектордың бастамаларымен құрылған ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдар туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректер қорын қалыптастыруға қатысады. Жұмыс күшінің бір бөлігінің  сұранысы  мен  ұсынысын  талдайды және болжайды, өңірдегі еңбек нарығының жай- күйі туралы жергілікті атқарушы  органдарға және халықты    жұмыспен  қамту мәселелері жөніндегі  уәкілетті         органға      хабарлайды. Аудандық жұмыспен         қамту картасын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

(Блок A)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: қызметтер (әлеуметтік жұмыс және/немесе гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); білім (011101 3 - Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және/немесе орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі); бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе экономика және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе бизнес және басқару және/немесе қаржы); бизнес, басқару және құқық (051902 3 - Экономист және/немесе құқық); педагогикалық ғылымдар (орыс тілі мен әдебиеті және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті)

Жұмыс тәжірибесі:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

        Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                   21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

                        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.gov.kz ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде i.sysoeva@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

___________________________________________________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

 Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                                            (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________________

________ _____________________________________________________________________

(қолы)      (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.