Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер

Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 11-баптарына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
Ауданымыздың аумағында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен «Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер (жұмыстан босатылған және толық емес жұмыс күні бойынша жұмыс істейтіндер, жалақы бойынша берешек туралы)» статистикалық есептілік нысаны , 3-ТН нысаны) бекітілді.
Бұл статистикалық есептілікті жұмыс берушілер (кәсіпорындар, ұйымдар) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, егер кәсіпорында мынадай жағдайлардың бірі болса:
- өндірістің толық тоқтауы (жұмыс пен қызметтің тоқтауы);
- толық емес жұмыс күніне көшу (ішінара тоқтату, өндіріс көлемін азайту, жұмыс уақытын өзгерту);
- толық көлемде жұмыс істеу, бірақ жоспарланған және жүзеге асырылған қызметкерлерді қысқарту;
- жалақы бойынша мерзімі өткен берешектердің болуы.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, кәсіпорындарда (ұйымдарда) жоғарыда аталған фактілер болған жағдайда, «Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ уақтылы (ай сайын 1-ші күнге дейін) статистикалық есептілік нысанын samrt_gm@mail .ru электронды поштасына ұсынуыңызды сұраймыз, туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 22-111.