Ардагерлерге жеңілдіктер беру

Ардагерлерге жеңілдіктер беру

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Балқаш қаласының  мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес:

         - басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986-1987, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясының зардаптарын жоюға қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне және үкіметтік наградалары бар еңбек ардагерлеріне жылына бір рет 14 күнге санаторий-курорттық емделудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын мөлшерде санаторий-курорттық емделу ұсынылады (2025 жылға арналған сома 305375 теңге мөлшерінде белгіленеді).

         Шығындарды өтеу санаторийде нақты болғаны үшін растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде жүргізіледі.

         Жол жүру шығындарын төлеу ардагерлердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

         Абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.

         - Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986-1987, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясының зардаптарын жоюға қатысушыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді.

         Аталған әлеуметтік көмек Мемлекеттік корпорация филиалы қазан айында жылыту маусымында ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

         Қосымша ақпарат алу үшін Уәлиханов көшесі, 5 үй, 6 каб.бойынша орналасқан «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады,  телефон 8 (71036) 4-23-25.