«Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені!»

«Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені!»

29 сәуір айында қалалық Жастар саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері ашық ауада мерекелік іс шара ұйымдастырды.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан түрлі ұлт өкілдерінің Отанына айналды. Әлеуметтік қызметкерлер әр түрлі халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін құрметтей отырып, көпұлтты елде өмір сүріп жатқанымыз жайлы айтып берді.

Мереке бағдарламасында белсенді ойындар, эстафеталар, зияткерлік тақырыптық тапсырмалар мен би флешмобы ұйымдастырылды. Бөлімше тәлімгерлері жеке ән нөмірлерін дайындап, өнер көрсетті.

Мереке соңында барлық қатысушылар шағын тәтті сыйлықтар табысталып, фотосессияға қатысты.