Халықтың осал топтарының әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін, аз қамтылған 18 отбасындағы 87 азаматқа жалпы сомасы 2,6 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
15 аз қамтылған семьядағы 27 балаға жалпы сомасы 0,4 млн.теңге қосымша төлем тағайындалды.
2025 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту шарасымен 1 аз қамтылған азамат тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды.
АӘК тағайындаудың барлық мәселелері бойынша Сіз, Уалиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Балқаш қаласының Мансаптық орталығына жүгіне аласыз, анықтама үшін телефон: 6-50-70, 4-40-61