Тұрғын үй көмегі Балқаш қаласында және іргелес кенттерде (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі отбасының жиынтық табысы, пайдаланатын тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша) тұтынуға байланысты, әрбір отбасыға жеке есептелінеді.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының төлеу сомасы мен отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
2025 жылдың 1-тоқсанында 80 отбасыға жалпы сомасы 1,7 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.
Тұрғын үй көмегін тағайындаудың барлық мәселелері бойынша Сіз, Уалиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге жүгіне аласыз, анықтама үшін телефон: 4-40-61