«Көрікті көктем – Наурыз»

«Көрікті көктем – Наурыз»

Наурыз мейрамы – қазақ халқының ең ұлық мерекелерінің бірі, көктемнің келуін және жаңа жылдың басталуын білдіреді.

19 наурыз күні үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесі  мүгедектігі бар балалар мен  психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға «Көрікті көктем – Наурыз» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды.  

Түрлі-түсті шаңырақ астында наурыз көже, бауырсақ және ұлттық тәттілермен мерекелік дастархан жайылды. Балаларға ән айтып, би билеп, өлең оқыды, жұмбақтар шешті, көңілді ойындарға қатысты. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталу мақсатында балаларға бесікке бөлу, қыз ұзату және тұсау кесу рәсімдері көрсетілді.

Осы мерекелік іс-шара қазақ халқының бірегей мәдениетін көрсетіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлердің маңызды көрінісі болып табылады.

         Іс-шара соңында барлық қатысушылар Наурыз мерекесіне орай жайылған мерекелік дастарханға шақырылды.