Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелерi туралы» №84 бұйрығына» сәйкес көрсетіледі.
Өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып тұрғылықты жерінде нысан бойынша:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы;
Көрсетілетін қызметті алушы нысандар бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;
3) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; туу туралы куәлік еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.
Қөрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Балқаш қ. Уалиханов к-сі, 5 каб.№6, телефон 8(71036) 42325.
Жұмыс кестесі: сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
«Балқаш қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ