Оқу орнын бітіретін түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Оқу орнын бітіретін түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

2023 жылдың 01 маусымында Балқаш қаласының медициналық колледжінің ғимаратында оқу орнын бітіретін түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу шарттары түсіндірілді. Барлығы медицина саласы бойынша 4 жұмыс беруші және 150-ден астам адам қамтылды. Сондай-ақ, жәрмеңке қатысушыларына ақпараттық материалдар (буклеттер, бос жұмыс орындары туралы ақпарат) ұсынылды.