«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің!»

«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің!»

Балаларды қорғау күніне орай «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушы мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларға мерекелік және қайырымдылық акциясын ұйымдастырды:           

2023 жылдың 29 мамыр айында мүгедектігі бар 20 балаға арналған «Istanbul Doner» кафесінде мерекелік түскі ас ұйымдастырылды (ЖК «Арымбекова А.»).           

2023 жылдың 30 мамыр айында мүгедектігі бар 50 балаға арналған «Әлем Синема» кинотеатрында «Русалочка» фильмінің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды (ЖК «Аймағанбетов М.Б.».           

2023 жылдың 31 мамыр айында «Металлург» стадионы спорт кешенінде 30 мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар тұлғаларға арналған мерекелік және ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар эстафеталар мен жарыстарға қатысып, көптеген жарқын және жағымды эмоцияларға ие болды. Мерекелік іс-шара соңында барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін тәтті сыйлықтарға ие болды.