Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту пункті

Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту пункті

2023 жылдың 31 мамырында Халықты жұмыспен қамту орталығы және "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мамандарымен жұмысқа орналастырудың мобильдік жылжымалы пункті "Акжарык" Сауда үйі аумағында шығуы ұйымдастырылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар жастарға арналған микрокредиттер, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау шарттары және мүгедектігі бар балаларды үйден оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу, мүгедектігі бар азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық буклеттер таратылды.